Құшып асау теңіздің толқындарын...
* * *
Құшып асау теңіздің толқындарын,
сен маған жүзуді үйретші.
Еркіндіктен шалқысын толқын — жаным,
судың ширақ қимылын, өр ағысын,
сан алапат сезімдей кері ағысын,
үйрет бәрін, қасымда құрақ ұшып.
Мен жүзейін, жан-тәнім алып-ұшып,
тал бойымда тарқамай сағынышым,
бір құдірет тербесін өн бойымды,
судың үнсіз ұқтырып жалынысын.
Мен жүзейін еркімді ап ессіз сезім,
сезесің ғой, қаншалық жалын ішім...
Мен жүзейін, талайды тәнті қылып,
көл бетінде жымыңдап жарқын үміт,
жағадағы тамсансын жалқын ағаш,
құмарлығы сан жылғы алқындырып,
көкжиектен күн күліп, көзін тіксін,
көлеңкемде сен үнсіз қал, тығылып...
Құшып асау теңіздің толқындарын,
сен маған жүзуді үйретші.
Еркіндіктен шалқысын толқын — жаным,
судың ширақ қимылын, өр ағысын,
сан алапат сезімдей кері ағысын,
үйрет бәрін, қасымда құрақ ұшып.
Мен жүзейін, жан-тәнім алып-ұшып,
тал бойымда тарқамай сағынышым,
бір құдірет тербесін өн бойымды,
судың үнсіз ұқтырып жалынысын.
Мен жүзейін еркімді ап ессіз сезім,
сезесің ғой, қаншалық жалын ішім...
Мен жүзейін, талайды тәнті қылып,
көл бетінде жымыңдап жарқын үміт,
жағадағы тамсансын жалқын ағаш,
құмарлығы сан жылғы алқындырып,
көкжиектен күн күліп, көзін тіксін,
көлеңкемде сен үнсіз қал, тығылып...





