Ошаған
Жанарым, көңілім босаған, күлмей,
Таусылды бәрі тасып кеп.
Аулада өстім ошаған гүлдей,
Раушанға ессіз ғашық боп.
Іңірдің арты — ұлы түн ізгі
болса да, күн де сөнді, әні.
Үкілі жанның үмітін үзді,
Үрейлі күлкі сондағы.
Саңырауқұлақтар «уымды іш» дейді,
Ара да ұшты ойы арам.
Мен үшін отқа бірі түспейді,
Жан бар ма мені аяған?..
Сезілсін, мейлі, дерегі күздің,
Тұрамын мәңгі қасқайып.
Қаузынан көздің екеуіміздің,
Кетпеуі үшін жас тайып.



