Әкем жайлы жазғым келді...

* * *

                                Катя Каповичке

Әкем жайлы жазғым келді,
Жаза алмадым.
Қазір қойдай жуас болып тұрмын,
Жазуға қорқа жүректің әз арманын.
Қалай жеткізерін де білмей отырмын,
сағынышымның ғазалдарын.
Ол туралы есте қалған бала кездегі,
Бір ғана сәтті таңдар едім.
Бірақ, бірге шаңғы тепкенімді емес, таңда керім.
Осы сияқты басқа да сезімдер болған еді,
Естелігіме кірмепті ол да менің.
Әкемнің
Алты жасымда ойыншықтарымды сатып ішкен
«Дихлофос» сыраханасының сырасы да емес,
Үстелдің ар жағындағы шешеме орындық лақтырған
Сұлбасы да емес.
Удай мас болған кездегі әзілдеп айтқан
Брежневтің тұлғасы да емес.
Тек удай мас әкені есіме түсіргені —
«Пинк Флойд» тобының ғажап әнін
Шын жүрегімен түсінгені
Ойымда ерекше қалыпты.
Ал, сол шақтағы махаббат жайлы музыка
Санаңнан адаспайды екен.
Сол кездегі түрлі-түсті жарқылдар,
Күнәңді аластайды екен.