Көңілсізбін, салдарын ұға алмадым...

* * *

Көңілсізбін, салдарын ұға алмадым,
неге осы бір мұңға құмар жаным?
Мәнсіз, қамсыз көз салдым тағдырыма,
мүсіркеумен қараймын барлығына.
Кеудемдегі құлазып арман біткен,
қапияда кез болдым жалғандықпен.
Дос-дұшпанның бәрінен жирендім бе,
әлде жақсы көрмеуді үйрендім бе?
Салқын тартып қабағым, суып жаным,
өз-өзіме тосындау ымырттамын.
Айналамның барлығы алдамшыдай,
осқылаған жанымды ар қамшыдай,
мына әлемнен бір ақ сәт жеріп кеттім,
шексіздіктің түбіне еніп кеттім...