Мозаика
Жүрек деген не? Қараусыз бақша...
М. Кузмин
Бақша емес құрмалы,
қалың жыныс болып кеткен бұл-дағы,
күтілмеген гүл бағы,
ыдыраудың ең алғашқы ырғағы.
Жаратушы жәннәтты
әділдерге арнапты,
ал, бақшасы күтілмеген,
көре алар ма сол бақты?
Шөптер мен бұталар қосқанда бастарын,
мақта гүл жарқырап, жұлдызын шашқаны.
Жаныммен даланың қуатын сіміріп,
жынысқа ендім мен, әр қадам басқаным,
тым ауыр, жолымды шырматып тастады.
Мен жапырақ тінін көрдім бақылап,
айыр тісті, симметрия, заты нақ.
Аурудың еш нышаны жоқ зәредей,
сап-сау атырап.
Жарқыраған дүниенің мәні қап,
жан өлімнен қашпайды,
пайдасы жоқ гүлдер, бұта, жапырақ.
Әк те, қара у да, жақсаң-дағы борыңды,
тоқтатуға қауқар болмас өлімді.
Шаңнан, титтей дақтан бәрі басталып,
кигізеді кебінді. Тамырлар терең кетіп,
артқа мүлде жол қалмайды,
жолдың бәрі көмулі.
Өміріңнің өрнегі де жіңішке,
болжам деген шалқып жатқан теңіздей,
Ауру мен кемелдік егіздей,
ащы шындық, көздер ғана тұтылған,
ауру жан масқарадан құтылған.
Ей, жапырақ кімдер қайтып келеді,
кім шынайы ұтылған...
М. Кузмин
Бақша емес құрмалы,
қалың жыныс болып кеткен бұл-дағы,
күтілмеген гүл бағы,
ыдыраудың ең алғашқы ырғағы.
Жаратушы жәннәтты
әділдерге арнапты,
ал, бақшасы күтілмеген,
көре алар ма сол бақты?
Шөптер мен бұталар қосқанда бастарын,
мақта гүл жарқырап, жұлдызын шашқаны.
Жаныммен даланың қуатын сіміріп,
жынысқа ендім мен, әр қадам басқаным,
тым ауыр, жолымды шырматып тастады.
Мен жапырақ тінін көрдім бақылап,
айыр тісті, симметрия, заты нақ.
Аурудың еш нышаны жоқ зәредей,
сап-сау атырап.
Жарқыраған дүниенің мәні қап,
жан өлімнен қашпайды,
пайдасы жоқ гүлдер, бұта, жапырақ.
Әк те, қара у да, жақсаң-дағы борыңды,
тоқтатуға қауқар болмас өлімді.
Шаңнан, титтей дақтан бәрі басталып,
кигізеді кебінді. Тамырлар терең кетіп,
артқа мүлде жол қалмайды,
жолдың бәрі көмулі.
Өміріңнің өрнегі де жіңішке,
болжам деген шалқып жатқан теңіздей,
Ауру мен кемелдік егіздей,
ащы шындық, көздер ғана тұтылған,
ауру жан масқарадан құтылған.
Ей, жапырақ кімдер қайтып келеді,
кім шынайы ұтылған...




