Аю аға
(Нивх аңызының желісімен жазылған)
Ағам түсіме кірді,
ерте қайтыс боп кеткен арманда.
Мен адасып жүр екем орманда.
Бір жалғыз аңшы аш адамдарды тамақтандыру үшін,
аң аулап жүр екен сол маңда.
Әлгі ағам тір екен деймін,
орманның қожайынына ертіп барып,
таныстырып жатыр сол жанға.
Ол айтады: орман билігі болмаса да қолымда,
аңдардың барлығы менің жанымда.
Қай аңды атқың келеді деген соң,
аю патшаны меңзеп едім,
құрбан шаламын деді сенің жолыңда.
Ағамды нұсқап қожайын,
аю терісін жамыл деді,
ал, ол түсі сұрланып,
ғайып боп сол сәт сағымға енді.
Солай ағам айналды қайта арманға,
оның орнына аю пайда болып,
беттеді ол да орманға.
Мен оянған соң ұйқымнан,
ой түйіп осы бір түс пен сиқырдан,
аңшыларға үндеу жолдадым,
Мен енді әйел затындай
ошағыма қараймын,
Қолдама, мейлі, қолдағын,
қарумен аңға бармаймын,
орманда ылаң салмаймын.
Енді ағаттық еткім келмейді,
ағаларымның қанын төккім келмейді.
Ал, сендер қаруларыңды сайлай беріңдер,
бір тою үшін құлқындарыңды ойлай беріңдер.
Ағам түсіме кірді,
ерте қайтыс боп кеткен арманда.
Мен адасып жүр екем орманда.
Бір жалғыз аңшы аш адамдарды тамақтандыру үшін,
аң аулап жүр екен сол маңда.
Әлгі ағам тір екен деймін,
орманның қожайынына ертіп барып,
таныстырып жатыр сол жанға.
Ол айтады: орман билігі болмаса да қолымда,
аңдардың барлығы менің жанымда.
Қай аңды атқың келеді деген соң,
аю патшаны меңзеп едім,
құрбан шаламын деді сенің жолыңда.
Ағамды нұсқап қожайын,
аю терісін жамыл деді,
ал, ол түсі сұрланып,
ғайып боп сол сәт сағымға енді.
Солай ағам айналды қайта арманға,
оның орнына аю пайда болып,
беттеді ол да орманға.
Мен оянған соң ұйқымнан,
ой түйіп осы бір түс пен сиқырдан,
аңшыларға үндеу жолдадым,
Мен енді әйел затындай
ошағыма қараймын,
Қолдама, мейлі, қолдағын,
қарумен аңға бармаймын,
орманда ылаң салмаймын.
Енді ағаттық еткім келмейді,
ағаларымның қанын төккім келмейді.
Ал, сендер қаруларыңды сайлай беріңдер,
бір тою үшін құлқындарыңды ойлай беріңдер.





