Бір сәттік әлем
Дұшпандыққа тұзақ салар зор даусың,
қарсы атылған садақ оғын тыйған кім?
Параклет — жұбанышым, қорғаушым,
біздер үшін сен көбірек қинадың.
Абайлайсың айналаңда өргенде аң,
зұлым ойлар абалайды көп иттей.
Рухқа айналып қара жерден өнген жан,
көк аспанға ұмтылады зениттей.
Кеш батады, таң атады бозара,
санамызды тұрмыс билеп, тонайды.
Мейірімді Қасиетті Дева ана,
тақта үстінде шейіт жанды орайды.
Мөлдір әлем қанша берді қиып дем,
берік зат та зақымдасаң сөгілер.
Жаратушы, бақылап тұр биіктен,
сәттік бізді көзге әзірше көрінер.
қарсы атылған садақ оғын тыйған кім?
Параклет — жұбанышым, қорғаушым,
біздер үшін сен көбірек қинадың.
Абайлайсың айналаңда өргенде аң,
зұлым ойлар абалайды көп иттей.
Рухқа айналып қара жерден өнген жан,
көк аспанға ұмтылады зениттей.
Кеш батады, таң атады бозара,
санамызды тұрмыс билеп, тонайды.
Мейірімді Қасиетті Дева ана,
тақта үстінде шейіт жанды орайды.
Мөлдір әлем қанша берді қиып дем,
берік зат та зақымдасаң сөгілер.
Жаратушы, бақылап тұр биіктен,
сәттік бізді көзге әзірше көрінер.





