Дантені дамыту
Ну что с того, что я там был?
Юрий Левитанский
...прохладные сумрачные палаты.
Лев Лосев
Түсініксіз дамылдар-ай, жоқ есім,
осы менің өңімде ме, түсім бе?
Тыныш қана өлгеніңді көресің
секундтардың ішінде.
Сен осыны бақытым деп сана да,
батылдықты тек ұмытпа өр мықты.
Әлі мұнда ұстанады, бағала
күн мен түндей теңдікті.
Сенім орны, көрем оны бақ деп мен,
көрмейсің де қызғанышты, ұятты,
сенен бұрын бұл араға ап кеткен
сүйіктіңе кездесетін сияқты.
Шырқасам ба сезімдерді ән қылып,
естиді ме құлақ түріп әр ғалам?
Адамдардың жадына кеп жаңғырық,
бар өмірін ғашықтыққа арнаған.
Қиналасың іздегенмен мән таппай,
әкеледі шуақ толы таң үміт.
Өз жаныңды түсінетін жан таппай,
күтіп жүріп, кетесің-ау жалығып.
Юрий Левитанский
...прохладные сумрачные палаты.
Лев Лосев
Түсініксіз дамылдар-ай, жоқ есім,
осы менің өңімде ме, түсім бе?
Тыныш қана өлгеніңді көресің
секундтардың ішінде.
Сен осыны бақытым деп сана да,
батылдықты тек ұмытпа өр мықты.
Әлі мұнда ұстанады, бағала
күн мен түндей теңдікті.
Сенім орны, көрем оны бақ деп мен,
көрмейсің де қызғанышты, ұятты,
сенен бұрын бұл араға ап кеткен
сүйіктіңе кездесетін сияқты.
Шырқасам ба сезімдерді ән қылып,
естиді ме құлақ түріп әр ғалам?
Адамдардың жадына кеп жаңғырық,
бар өмірін ғашықтыққа арнаған.
Қиналасың іздегенмен мән таппай,
әкеледі шуақ толы таң үміт.
Өз жаныңды түсінетін жан таппай,
күтіп жүріп, кетесің-ау жалығып.





