Кешіккен бекеттер
Қара жермен салғыласа алмайсың,
соңғы он жылда біраз досты жалмаған,
көнгің келмей өз-өзіңді алдайсың,
одан басқа амалың да қалмаған.
Ал, ол болса, қалғандай ма қаңырап,
өкінгендей сол опасыз ісіне,
қайдағы бір лысенконың аңырап,
өңі түгел кірмеген де түсіне.
Егер өмір таңдағанда өзгені,
ерте тұрып, мұздай сумен шайынған,
не болмаса, бұлдыраған көздері,
күн ұзаққа кітап бетін майырған,
не болмаса, маңдайдағы кекілін,
қайта-қайта басын шұлғып қайырған.
Уақыт, бірақ, қайырылмай үзілді,
орындалып үлгермеді ештеңе.
Жалқаулар да, спортшылар да сызылды,
ал, мен болсам жаңа ЭОН ішінде,
ауыр дерттен шашыла да төгіле,
сені көріп сондай сұлу пішінде,
еніп алдым детективтің рөліне.
Қарап тұрсам, тереңдік бар секілді
тұнықтығы лайланбаған азғантай,
сол жақтарға кетуге біз бекіндік,
сүңгіп кетіп, белімізді жазғандай.
Бекінсек те біз осындай бір бәске,
көк теңізде дімкәс өкпе кескінді,
жарытпайтын сықылдымыз біз әсте,
дос немесе аға болып ешкімді.
Сондықтан да, осы күнде мен деген
жақтырмаймын көк аспаннан басқаны.
Жандүниемнің жалғыз ғана қажеті
бар болғаны содан ғана аспады.
Жүгіріп кеп, жата қалып шалқамнан,
болашаққа құрып тастап жоспарды.
соңғы он жылда біраз досты жалмаған,
көнгің келмей өз-өзіңді алдайсың,
одан басқа амалың да қалмаған.
Ал, ол болса, қалғандай ма қаңырап,
өкінгендей сол опасыз ісіне,
қайдағы бір лысенконың аңырап,
өңі түгел кірмеген де түсіне.
Егер өмір таңдағанда өзгені,
ерте тұрып, мұздай сумен шайынған,
не болмаса, бұлдыраған көздері,
күн ұзаққа кітап бетін майырған,
не болмаса, маңдайдағы кекілін,
қайта-қайта басын шұлғып қайырған.
Уақыт, бірақ, қайырылмай үзілді,
орындалып үлгермеді ештеңе.
Жалқаулар да, спортшылар да сызылды,
ал, мен болсам жаңа ЭОН ішінде,
ауыр дерттен шашыла да төгіле,
сені көріп сондай сұлу пішінде,
еніп алдым детективтің рөліне.
Қарап тұрсам, тереңдік бар секілді
тұнықтығы лайланбаған азғантай,
сол жақтарға кетуге біз бекіндік,
сүңгіп кетіп, белімізді жазғандай.
Бекінсек те біз осындай бір бәске,
көк теңізде дімкәс өкпе кескінді,
жарытпайтын сықылдымыз біз әсте,
дос немесе аға болып ешкімді.
Сондықтан да, осы күнде мен деген
жақтырмаймын көк аспаннан басқаны.
Жандүниемнің жалғыз ғана қажеті
бар болғаны содан ғана аспады.
Жүгіріп кеп, жата қалып шалқамнан,
болашаққа құрып тастап жоспарды.





