Қонақ толы біздің пәтер — тапшы кем...
* * *
Қонақ толы біздің пәтер — тапшы кем.
Анамыз жүр көйлек киіп теңбілден.
Ересектер әлемінде — жақсы мен
өте жақсы жандар кілең, мен білген.
Тостағандар сыңғырласа, мәз бәрі.
Әкем тұрды темекісі түтіндеп.
Анау адам Нью-Йорк асса, жазғаны
бұл байғұсқа — көлік қағып, күтінбек.
Күрең күзде түн түнегін түгесіп,
тәмам болды тілектер һәм әзілдер.
Осы кісі қылтамақпен күресіп,
мына апайдың есі ауысса: «Жазым!» — дер.
Бөлме шамын енді өшірді. Түн ашпақ
бар бейнені қараңғыдан мән іздер.
Ойға сыймас отыз жылға ұласпақ
көп қоштасу, ұзамайтын дәлізден.
Тағы созды, айнымайды-ау ғұрыптан:
бүкір, қасқа, мол мейманның қаншасы
әрі аттарда біздің табалдырықтан
бастары аман, бақытты еді баршасы.
Қонақ толы біздің пәтер — тапшы кем.
Анамыз жүр көйлек киіп теңбілден.
Ересектер әлемінде — жақсы мен
өте жақсы жандар кілең, мен білген.
Тостағандар сыңғырласа, мәз бәрі.
Әкем тұрды темекісі түтіндеп.
Анау адам Нью-Йорк асса, жазғаны
бұл байғұсқа — көлік қағып, күтінбек.
Күрең күзде түн түнегін түгесіп,
тәмам болды тілектер һәм әзілдер.
Осы кісі қылтамақпен күресіп,
мына апайдың есі ауысса: «Жазым!» — дер.
Бөлме шамын енді өшірді. Түн ашпақ
бар бейнені қараңғыдан мән іздер.
Ойға сыймас отыз жылға ұласпақ
көп қоштасу, ұзамайтын дәлізден.
Тағы созды, айнымайды-ау ғұрыптан:
бүкір, қасқа, мол мейманның қаншасы
әрі аттарда біздің табалдырықтан
бастары аман, бақытты еді баршасы.




