Қиғаш жаңбыр

Жаңбыр өте шықты көшенің арғы бетімен,
жейдеме тамшысы тиместен.
Әдетте иттер тап солай безіп жүретін, кезіп жүретін ретімен,
жер телімдерін бөліп алғандай күй кешкен.
Әлбетте, аз қуаныш емес қой — шатқақтап,
ұзақ сапардан оралып, бір сәтке
ыстық өлшеуіш жарылар аптапта
бой сергітер ақжауынның астында тұрса.., әттең.
Күтіп алды ескі үй даңғырлаған қаңылтырлар боп не түрлі,
құлыпты көріп құлазыдым мен, қайтейін енді, қорланбай?!
Сонша күттірген сонау бір әйел секілді
қиғаш құйды жаңбыр, қатар жүргенмен, қиылыспайтын жолдардай.