Одиссейге арналған бесік жыры

Пенелопа, қызым менің ай мүсін
ерте есейдің, ақымақтың бөлісем деп қайғысын
мұз құрсанған Америка, сынық әйнек Европа
табаныңның астында тұр тірі ғасыр, байғұсым.

өзің жоқта беде өсті жердің жүзін жайнатып
алқызылдан гүл де тақты, жүректе күй ойнатып
ұсақ беде кестелеген еркін уақыт кетті ұшып
дәмі ащы өлмес сусын дайындайын сол бедеден қайнатып.

іш сусыннан, жолда адасқан кеме атаулы оралсын деп жағаға,
теңізде өлі тыныштықта адасқан жар бірін-бірі таба ма,
іш, олардың өсті ұлдары, Америка жабылар
іш, Одиссей, жұлдыз сөнген, аспан жаққа қарама!

ұйқыдағы толқын сүйіп жапырақтағы дірілді
беделердің күлтесі миф өлкесінде бұрылды
өлмес рух тарататын, адалдық сән құратын
іш сусыннан, қуанышым, жұбанышым бұрынғы.