Армандардың орындалуы
Күрсіндім, рухтарға сыйындым
Бір күш бар қорғайтын сыртымнан
Темекі. Аңсарым. Оңтүстік.
Қара түн жыртықты жамауға ұмтылған
Аяқтың астында тастардың дауысы.
Он төртінші тежегіш басылды. Ол кетті.
Толқын соғып, қайтадан айналды тасқынға
Кабылдың көлігі жағаны тербетті
Тым жақын тұрмын мен аспанның астында
Мыс қазан ішінде тұрғандай ақылым ауысып
Қолымды көтерсем ұшқындар қамасып,
Күмбезді бүркейді, жұлдызға жол ашып,
Өн бойы дірілдеп, жайменен сыбырлап
«Ешқашан кеш емес, ұшуға жол ашық».
Айбарлы 95-ші жорыққа дайын тұр
Толқындар ырғағы бос торға таласып.
41-ші жанып тұр, қанатын қомданып
Қиыршық тастарды ұнтақтап, цикада хорына қосылар ол барып
Міне соңғы үн сықырлап, барлығын әкетті
Жалғызбын, тізерлеп теңіз кешіп тұрмын мен
Қара ниеттілердің көшіне жұлдыздар таң қалып
Ең кіші кетпекші қыр асып
Ол қайда барады, пальнетке айналар үлгіні құрасып
Сегіздік пішінмен бұралып жұлдызға қарайды
Және көзсіз жүзеді
Қызыл жолақтар арқылы көкжиекке ұласып
Ұшқындар зулайды түнекті қақ тіліп,
Құрсаулы аспанда түнді артқа лақтырып
Он жетінші, отыз жетінші эшалондар қонады
Арманға апарар өлкеге, тұңғиық ақ тымық,
Жұлдызға айналар бақ тұнып.