«Аптықпа» дейтінмін өзіңе...

* * *

«Аптықпа» дейтінмін өзіңе,
Жаңа сөз бұрыңғы кездегі
Тілге еніп, тыныштық бермеді.
Қалдырып кеттік қой біз сені,
Қорымда... ит өлген жердегі.

Шырақтар шоғырылып шоқтары,
Жұлдызды соқпақтар ұйысып,
Қап-қара өрнектен табыттың ернеуі,
Жаттың сен, үстіңде гүл шоғы құрысып,
Тастай боп сұп суық маңдайың тырысып.

Мен оған тигіздім ернімді еңкейіп,
Жүрегім сығылып, кеудемде езіліп,
Мен сені «Мисюсь» деп атаймын,
Өзімді Антондай сезініп.

Кездер-ай екеуміз бірге түс көретін,
Мәскеудің түкпірін аралап,
Серуендеп, қыдырып жүретін.
Жанарың сондағы тұп-тұнық,
Қыс көрдім көздерім жұмылып.

Демімді ішіме тартам да, сеземін...
Өзгерді барлығы кешегі өткеннің.
Жан қалды кеудемде шықпаған,
Қартайдым, шама жоқ, жүз грам ішетін.

Қорымда кеппеген топырақ үйінді,
Сен жатқа білетін өлеңдер тыйылды.
Сең кеттің, қайтемін енді осы күйімді?!

...Сағынған жанымды,
            ашыған миымды.