Ars poetica

(Поэтикалық өнер)

Оқырманым, қарашы бір, барлық көзің қарасын,
Құрығанда бір көзіңнің ап қалайын бағасын.

Жанарыңның қиығын сал! Тоқта! Сәл жүр! Тағы кет!
Маған емес, ей, ақымақ, сәл жоғары — әрірек!

Етістігім «епсіз» шығар — емес болар таныс маң?!
Жарық сәуле көріне ме жымыңдаған алыстан?!

Мен Блоктай болмасам да, өзгеше ой жұптадым,
Қарлы судан көтерілген будақ-будақ бұлттарым!

Тек бұлттарым жарқылдайды шеті аздап жырылған,
Мүмкін, достым, бұл көрініс саған таныс бұрыннан.

Енді есіңе түсті білем, ал сен болсаң қорқасың,
Басын ұқтың, бастасам да әңгіменің ортасын...

Булар қалай өртенеді күн соңында — ымыртта,
Енді мені бір мақташы, айтпағымды шын ұқ та!