Сүйіктісін жоқтаған Алтай бақсысы
Сен кеттің, орыстардың қаласына,
алыстағы таулардың арасына.
Мен қалдым шаттығымды алмастырып,
қайғы мен өкініштің наласына.
Бектай деп атап едім, қалқам, сені,
жоқ еді оған ешкімнің таласы да.
Шығармаққа іштегі дауылымды,
қолға алдым аспабымды, дабылымды.
Үлген дейтін мейірімді құдайға кеп,
назымды айтып, бастадым жалынуды.
Ол айтады қолынан келмейтінін,
сондықтан, сақта дейді сабырыңды.
Содан соң Эрлан атты тәңірге кеп,
мен айттым: өзіңнен бір әмір керек!
Ол қатігез үш көзді болғанымен,
берем деді мен саған әзір көмек.
Сүйікті Бектайыңды тауып берем,
кеткен жақтан қайтарып алып келем.
Бір сәтте күйеуінің жанын алам,
қосам сосын өзіңдей тәуіпке мен.
Сенімен күн болады, түн болады,
бірақ та, тек жандарың бір болады.
Қалған соң еш әрекет жасай алмай,
өмірдің тоқталады шырғалаңы.
алыстағы таулардың арасына.
Мен қалдым шаттығымды алмастырып,
қайғы мен өкініштің наласына.
Бектай деп атап едім, қалқам, сені,
жоқ еді оған ешкімнің таласы да.
Шығармаққа іштегі дауылымды,
қолға алдым аспабымды, дабылымды.
Үлген дейтін мейірімді құдайға кеп,
назымды айтып, бастадым жалынуды.
Ол айтады қолынан келмейтінін,
сондықтан, сақта дейді сабырыңды.
Содан соң Эрлан атты тәңірге кеп,
мен айттым: өзіңнен бір әмір керек!
Ол қатігез үш көзді болғанымен,
берем деді мен саған әзір көмек.
Сүйікті Бектайыңды тауып берем,
кеткен жақтан қайтарып алып келем.
Бір сәтте күйеуінің жанын алам,
қосам сосын өзіңдей тәуіпке мен.
Сенімен күн болады, түн болады,
бірақ та, тек жандарың бір болады.
Қалған соң еш әрекет жасай алмай,
өмірдің тоқталады шырғалаңы.




