«Су» сөзі бар үш алтыаяқ

Төбеден ыдыспен құйғандай,
толассыз сулы қар жауып тұр.
Сүзгіден өткен бір жылдардай,
уақыттан тамшылар тамып тұр.
Сол жауған жауынның астында,
балдырдай әр нені сүзіп біз.

Теңіздің түбінде — тасқында,
жатырмыз ғұмырды сүріп біз.
Пойыздай бағыты өзгерген,
уақыт та кейде бір адасар.
Ұстара жүзіндей кез келген —
жол қияр жандар жүр таласар.

Біздерді апарар бір күні,
қалаға қаланған алтыннан.
Тамшыдан танылып болмыстар,
табылар судағы қарқыннан.
Біз тұрған апанның шұңқырын,
бақташы көрсетер тау-шыңнан.