Орыс тілінен тәржіма
1. Михаил Лермонтов
Бойын шаттық кернеген ұл теңізді тұңғыш көргендегі
әсерін сүйікті әжесіне жеткізді
қара алысқа: анау биік зор кеме
шығанақтың бозғылт суы бос аспан сыр шерте ме?
туған портын тым жыраққа қалдырып
әкелген не сені біздің өлкеге?
елестетші: алып мұхит жағаңда
мұзды жаңбыр қайықтарды шыға келген табанда
осы жолда тек сәттілік қана емес
ұлы күш бар жылжытатын тек алға
егер сол күш болмаса
мүмкін емес ұққанмын
тастамас-ты шығанақтың қияндарын мұнарлы
сенімен де қоштаспас-ты солтүстіктен шыққан күн
2. Александр Пушкин
Жастық шақ өтеді, үміт үзіледі;
алғашқы махаббат туралы ойлар ғана жаныңды жұбатады.
есіме түседі ең алғаш кездескен сағатым
сол бір сәт есімде қалатын
кездейсоқ сөздерің тәнің де жалаңаш
көз жауын алатын
сол бір сәт, көзімнің алдында тұрды ұзақ қаптаған
сүреңсіз тірліктің титығы
жаныңды жаншыған шаршаулар таптаған
азғырған сезімдер сиқыры
естелік өшеді уақыт тоналар
бейнелер көшеді қайда алыс
дауыстың ырғағы жоғалар
тартылыс әлсіреп жоғалар байланыс
өзгерер махаббат қалады өткенде
әжім боп тереңдеп тұнады беттерге
түн ауа сыздатар жүректің соғысы ол
тым ащы түстерде тамаша сәттерде
3. Федор Тютчев
Император саябақтарының біріндегі көктемгі серуендеу;
жылдар өткен сайын қайтыс болған сүйіктің туралы ойлар
ауырлай түседі.
көктем кеші аллеяға төгіп нұр
күн де батты айналаға бөгіп сыр
бәрі де сол кездегідей жүріп келем жаяулап
мұз ерімей, салқын самал соғып тұр
бірте-бірте дүниеге қараңғылық қонатын
тым алыстан жарық оттар жанатын
осы шақты сүйетінбіз өзгеше
көресің бе ол — екеуміздің әлеміміз болатын
бір жыл болды сен өмірден өткелі
аза тұтып арнап дұға еткелі
көресің бе азап шеккен жанымыз
саябақта қыдырып жүр бізбен бірге бізден алыс кетпеді
4. Осип Мандельштам
Отбасылық табыстан айырылған, буржуазиялық өмір сүру
салты қалыптаспаған отыз жастағы зиялы бірте-бірте есін
жоғалта бастайды.
түсіне алар емеспін есімде ештеңе қалмады
мына әуен қанша ұзақ ойнаған
ызыңдап тұрып алғаны
масадай қанға тоймаған
шырпының ұшында шырылдап
қою түн әуенін тыңдатқан
жүк ауыр жаным тұр тұншығып
түн деген зіл батпан
ауа жоқ, тынысты тарылта береді
жүзімді бүркеген шәліні лақтырып
хош иіс жұпарын сезінгім келеді
қараңғы қақпасын қақ тіліп
естігім келеді қураған шөптің де дауысын
ұйқыны бұзатын ең ыстық
қызғылт қан жүгірген тамырдың соғысын
не деген ғажап ең кеңістік
5. Борис Пастернак
Сүйіктісінен таң ата оралған ақын болған оқиғаны
тағы да қуанышпен есіне алады.
бұрын соңды соқпаған боран
түні бойы борады
аппақ мамық ақ ұлпамен
терезені орады
сен үстелге жақтың шырақ
қараңғыны ысырды
жалынынан сәуле құлап
көлеңкесін түсірді
сан бейнелер құбылмалы
сурет салды сенделіп
саусақтарың діріл қағып
қара шашың тербеліп
қолыңда тұр ырқым сенің
құлпын алған есімнің
қандай сұлу сиқыршы едің
тым әсерлі шешіндің
әлдилейді түстер мені
таза қармен көмкеріп
дірілдейді үстелдегі
шам жалыны өртеніп
6. Аноним
Белгісіз жас ақын өз тақырыбы мен ырғағын табуға тырысады;
бұдан бұрынғылар мен замандастарының ықпалы байқалып тұр.
шабылмаған алқапта жаздағы гүлдеп тұр гүлдердің ұшы әлі
байқадым көбелек жай ғана алаңсыз ұшады
ал күзде тор құрып тайганың бетіне түкірген
жапырақ күлімдеп ажалды құшады
келетін қыс жайлы не білем
айырылған мағына, мәнінен
қалың қар астында әрең-әрең естілер
еш күдер үзбеген көктемнің әнінен
қасынан байқамай өтіппін
іздерің қалады нәліне тапталып етіктің
уақыт өшірген үндерді сақтауға тырысып
жылдардан жылдарға жетіппін
7. Балқандық ән
Вильнюстегі кафеде отырып, жас Болгар ақыны Достен
Ангелованы күтемін, мен оның жырларын өзі жасаған жолма-жол
тәржімадан көркем аударма кейпіне келтірмекпін.
Кездейсоқ
сөздердің тіркесі секілді
(кез-келген не түрлі)
жаңбырдан
терезе пердемен жабылған
сарғайған жапырақ
(олардың биі де біртүрлі
өтімді)
әдетте бұл деген
әуеннің сырлары
(суреттер билеген
дененің ырғағы)
дәл осы — дыбыстар тынысы
жетеді осы әнмен жасаймын
қалай еді дұрысы?
(мейірімді қандырды масайдым)
мен сөзсіз келісем
көндірдің
күмәнсіз сендірдің:
бұл әуен икемді
бойыңды билейді
жүрекке енеді
мен барлық санаммен
күтуге дайынмын
ол қашан келеді
бойыңмен жүгіріп
қағады ол ирелең
көңілге ой тығылып
салқындық билеген
сәттерде қайтемін
ұмытпа айт емін
8. Авторимейк
Мен өзім шығармашылық дағдарысты жеңу үшін
бұрынғы өлеңдерімді қайта көшіріп жазамын.
мыңыншы рет шығар бәлкім өттім ескі сүрлеумен
кеш түскенмен тұрған әлі күн шығып
жас өскіннің иісін сездім гүлдеген
қылтияды тіршілік
көлеңкеде ерімеген қар анау
ағаштардың саясына кідірдім
салқын бірақ тап-таза боп қалады-ау
мөлдірліктің алдына кеп мүдірдім
адамға не айтқым келді өлеңмен
бүгініммен өткеніммен көнеммен
плейбойдың конформизміне бөленген
қатал жайсыз ұйқастарды жүрегіме көмем мен
қараңғылық қоюланды
жауып күннің парағын
теңізге мұң шаққым келген
мұз жамылып ол да теріс қарады
9. Гавриил Державин
Жүрек талмасынан кейін;
өлім қорқынышы біраз уақытқа сейіледі.
уақыт өтеді керуендей тоқтаусыз легі
өтеді мен де сарқылдым
сол уақытпен бірге менде өмір сүреді
құдайлары мен батырлары туралы естеліктері халқымның
кітаптарды жойғанда
құндылық атаулы қойнауда қалғанда
көшпелі фольклористердің жазбаларының қалдығы
қандай күй кешеді мәңгілік мұхитқа тамғанда
қан жылаған жаныңды ұғатын жан бар ма?
Бойын шаттық кернеген ұл теңізді тұңғыш көргендегі
әсерін сүйікті әжесіне жеткізді
қара алысқа: анау биік зор кеме
шығанақтың бозғылт суы бос аспан сыр шерте ме?
туған портын тым жыраққа қалдырып
әкелген не сені біздің өлкеге?
елестетші: алып мұхит жағаңда
мұзды жаңбыр қайықтарды шыға келген табанда
осы жолда тек сәттілік қана емес
ұлы күш бар жылжытатын тек алға
егер сол күш болмаса
мүмкін емес ұққанмын
тастамас-ты шығанақтың қияндарын мұнарлы
сенімен де қоштаспас-ты солтүстіктен шыққан күн
2. Александр Пушкин
Жастық шақ өтеді, үміт үзіледі;
алғашқы махаббат туралы ойлар ғана жаныңды жұбатады.
есіме түседі ең алғаш кездескен сағатым
сол бір сәт есімде қалатын
кездейсоқ сөздерің тәнің де жалаңаш
көз жауын алатын
сол бір сәт, көзімнің алдында тұрды ұзақ қаптаған
сүреңсіз тірліктің титығы
жаныңды жаншыған шаршаулар таптаған
азғырған сезімдер сиқыры
естелік өшеді уақыт тоналар
бейнелер көшеді қайда алыс
дауыстың ырғағы жоғалар
тартылыс әлсіреп жоғалар байланыс
өзгерер махаббат қалады өткенде
әжім боп тереңдеп тұнады беттерге
түн ауа сыздатар жүректің соғысы ол
тым ащы түстерде тамаша сәттерде
3. Федор Тютчев
Император саябақтарының біріндегі көктемгі серуендеу;
жылдар өткен сайын қайтыс болған сүйіктің туралы ойлар
ауырлай түседі.
көктем кеші аллеяға төгіп нұр
күн де батты айналаға бөгіп сыр
бәрі де сол кездегідей жүріп келем жаяулап
мұз ерімей, салқын самал соғып тұр
бірте-бірте дүниеге қараңғылық қонатын
тым алыстан жарық оттар жанатын
осы шақты сүйетінбіз өзгеше
көресің бе ол — екеуміздің әлеміміз болатын
бір жыл болды сен өмірден өткелі
аза тұтып арнап дұға еткелі
көресің бе азап шеккен жанымыз
саябақта қыдырып жүр бізбен бірге бізден алыс кетпеді
4. Осип Мандельштам
Отбасылық табыстан айырылған, буржуазиялық өмір сүру
салты қалыптаспаған отыз жастағы зиялы бірте-бірте есін
жоғалта бастайды.
түсіне алар емеспін есімде ештеңе қалмады
мына әуен қанша ұзақ ойнаған
ызыңдап тұрып алғаны
масадай қанға тоймаған
шырпының ұшында шырылдап
қою түн әуенін тыңдатқан
жүк ауыр жаным тұр тұншығып
түн деген зіл батпан
ауа жоқ, тынысты тарылта береді
жүзімді бүркеген шәліні лақтырып
хош иіс жұпарын сезінгім келеді
қараңғы қақпасын қақ тіліп
естігім келеді қураған шөптің де дауысын
ұйқыны бұзатын ең ыстық
қызғылт қан жүгірген тамырдың соғысын
не деген ғажап ең кеңістік
5. Борис Пастернак
Сүйіктісінен таң ата оралған ақын болған оқиғаны
тағы да қуанышпен есіне алады.
бұрын соңды соқпаған боран
түні бойы борады
аппақ мамық ақ ұлпамен
терезені орады
сен үстелге жақтың шырақ
қараңғыны ысырды
жалынынан сәуле құлап
көлеңкесін түсірді
сан бейнелер құбылмалы
сурет салды сенделіп
саусақтарың діріл қағып
қара шашың тербеліп
қолыңда тұр ырқым сенің
құлпын алған есімнің
қандай сұлу сиқыршы едің
тым әсерлі шешіндің
әлдилейді түстер мені
таза қармен көмкеріп
дірілдейді үстелдегі
шам жалыны өртеніп
6. Аноним
Белгісіз жас ақын өз тақырыбы мен ырғағын табуға тырысады;
бұдан бұрынғылар мен замандастарының ықпалы байқалып тұр.
шабылмаған алқапта жаздағы гүлдеп тұр гүлдердің ұшы әлі
байқадым көбелек жай ғана алаңсыз ұшады
ал күзде тор құрып тайганың бетіне түкірген
жапырақ күлімдеп ажалды құшады
келетін қыс жайлы не білем
айырылған мағына, мәнінен
қалың қар астында әрең-әрең естілер
еш күдер үзбеген көктемнің әнінен
қасынан байқамай өтіппін
іздерің қалады нәліне тапталып етіктің
уақыт өшірген үндерді сақтауға тырысып
жылдардан жылдарға жетіппін
7. Балқандық ән
Вильнюстегі кафеде отырып, жас Болгар ақыны Достен
Ангелованы күтемін, мен оның жырларын өзі жасаған жолма-жол
тәржімадан көркем аударма кейпіне келтірмекпін.
Кездейсоқ
сөздердің тіркесі секілді
(кез-келген не түрлі)
жаңбырдан
терезе пердемен жабылған
сарғайған жапырақ
(олардың биі де біртүрлі
өтімді)
әдетте бұл деген
әуеннің сырлары
(суреттер билеген
дененің ырғағы)
дәл осы — дыбыстар тынысы
жетеді осы әнмен жасаймын
қалай еді дұрысы?
(мейірімді қандырды масайдым)
мен сөзсіз келісем
көндірдің
күмәнсіз сендірдің:
бұл әуен икемді
бойыңды билейді
жүрекке енеді
мен барлық санаммен
күтуге дайынмын
ол қашан келеді
бойыңмен жүгіріп
қағады ол ирелең
көңілге ой тығылып
салқындық билеген
сәттерде қайтемін
ұмытпа айт емін
8. Авторимейк
Мен өзім шығармашылық дағдарысты жеңу үшін
бұрынғы өлеңдерімді қайта көшіріп жазамын.
мыңыншы рет шығар бәлкім өттім ескі сүрлеумен
кеш түскенмен тұрған әлі күн шығып
жас өскіннің иісін сездім гүлдеген
қылтияды тіршілік
көлеңкеде ерімеген қар анау
ағаштардың саясына кідірдім
салқын бірақ тап-таза боп қалады-ау
мөлдірліктің алдына кеп мүдірдім
адамға не айтқым келді өлеңмен
бүгініммен өткеніммен көнеммен
плейбойдың конформизміне бөленген
қатал жайсыз ұйқастарды жүрегіме көмем мен
қараңғылық қоюланды
жауып күннің парағын
теңізге мұң шаққым келген
мұз жамылып ол да теріс қарады
9. Гавриил Державин
Жүрек талмасынан кейін;
өлім қорқынышы біраз уақытқа сейіледі.
уақыт өтеді керуендей тоқтаусыз легі
өтеді мен де сарқылдым
сол уақытпен бірге менде өмір сүреді
құдайлары мен батырлары туралы естеліктері халқымның
кітаптарды жойғанда
құндылық атаулы қойнауда қалғанда
көшпелі фольклористердің жазбаларының қалдығы
қандай күй кешеді мәңгілік мұхитқа тамғанда
қан жылаған жаныңды ұғатын жан бар ма?




