Көңілсіздік. Бұрынғыны қайталау...

* * *

Көңілсіздік. Бұрынғыны қайталау,
Қаңқу сөздер. Қыс кілттерін бар ұстап.
Бір-екі күн жамылады ақ перде,
Таныс адам, таныс үйлер, таныс бақ.

Өте мұңды, той өтетін қалада,
Кезіктіру сүйгеніңді жүзікпен.
Жалған мақтан құрбандығың бола ма,
Ұмытумен кешегіні үзіп пе ең?

Жасандылау екі бет те қызарған,
Ашуланып, ұялмаған қай тұс бар?
Бөлмедегі тез жиналған киімдер,
Қайда барар, білмей тұр ғой байғұстар...