Айыптау куәлары
Бозбала, жаңа бастаған қалтаман шағымда
милицияға тұңғыш рет түсіп үлгердім
һәм сонда саусақтарымның елден ерекше таңбасы барын білгенмін.
Айрықша жазасы, мәңгі мехнаты, ұрының соры — бұл белгі.
Бар саусағымды бейімделген музыкалық дарынға
аяусыз кескілеп, азапқа салдым, тым мүшкіл халге түсірдім.
Ол өрнектердің қорлығына қарамай ешбір қиянат, қысымның,
майсіңді қағаз ақшадағыдай,
тек өзіне тән сатқын қалпымен қайта шығарын түсіндім.
Сонда қылмыстық алхимияның жетістіктеріне жүгініп,
айыптау куәларын түгелдей әкпен, бертолле тұзымен уладым.
Өтпеді амалдар, құрып кеткір сызықтар қайта тіріліп,
айнымас ардың айғағы болды тура бұл.
...Кеуде кермеймін,
көп шүберектің бар ма керегі, бет-бейненің бар ма берері?!
Жаратпаушы едім бұрыннан қадала қараған көздерді.
Өлеңдерімде ғана өзгелерге емес, өзіме ұқсағым келеді,
оларды Сотта саусақтарымның таңбасындай таныр кез келді.