Бағы мен байлығы асқан жас туралы өлең
Жүрегінде жер айналтқан мен бір бақытты баламын,
Эфестегі қылышымды тастасам, бұ дүниеге аба кім?
Үстімдегі барқыт қамзол қызыл лента ілінген,
сақинамды, қауырсынды қалпағымды тастай алмаймын бірін мен!
Мен бір жаспын әділ болған дұшпанға да, досқа сан,
рыцарьға ұқсас түр-тұлғам бар, жұмсақтығымды қоспасаң,
бір секіріп атқа мінген, осы жалын шақтарыммен
қалай ғана қоштасам?
Дәл қазіргі түр-тұлғамды, көктен түскен дарынды,
не бір тылсым қасиетімді, жақсы көрем бәріңді,
жұмбақ әлем жайната алар қалағанда тылсымнан,
мен осындай жас баламын Құдай болуға құлшынған.
Залым патша зұлымдығы елге ешбір тимесе, деп ойлаймын,
айдың бетін бұлт жапса да алабөтен күй кешем.
Шыбыныңды да абайсызда өлтіріп алсам — арты мұң.
қорқам содан, аялаймын әрбір дүние жәндігін.
Қынабымен қылышымды, қалпақ, қамзол, жүзік барлығын
тапсыратын тауып алсам бұл әлемде жанды бір...
Соған жолды берер едім, қайда жүрген мұңлық ай?
Ешбір жақтан келе қалса мен іздеген бір Құдай...
Тәңір өзі құт дарытқан қызыл-кие қанымды,
нажағайлы жасын атқан жастық жігер жалынды,
бәрін соған берер едім, берер едім расында...
Өзім сосын гүл өсіріп отырам, мәйітімнің қасында.