Сөніп қалған жұлдыздардың мұңын тыңда, жарқыным...
* * *
Сөніп қалған жұлдыздардың мұңын тыңда, жарқыным,
жана-жана сарқып алған бойындағы жарқылын.
Мына өмір тұрады екен таңдану мен қорқудан,
бізден бұрын болғандардан айырмаң не, ақыным?!
Түнгі аспаның шамдарындай жанар бірде шын атың,
Одиссейдей мекеніңе оралу ғой мұратың.
Біздің ұрпақ армандайтың жұлдыз әлі туады,
мәңгілікке сапарыңды жарық қылып тұратын.