Қымылқұт пен Елена

(Чукотка махаббат дуасының баяндары
пайдаланылды)

Сен маған қарамадың,
чукча жанымды жараладың.
Қымылқұт басымды менсінбей,
орысты таңдап , өзіңді арнап,
Адамдарды неге алаладың, Елена?
Мәні болар деп жақсы хабардың,
амалсыздан мен бақсыға бардым.
Ол маған: «Ғашығыңды қина,
бойыңа күш-жігеріңді жина.
Сол кезде желбіреп орамалы,
өзіңе қайтадан оралады», — деді, Елена!

Мен оған зорлық қылмайтынымды,
жүректі тыңдайтынымды,
мойнымды бұрмайтынымды,
ғұмырын, мейлі,
     орысқа арнасын,
бір сәтке қалыс қалмасын,
мен барлық махаббатымды арнадым,
нали да қоймас арманым.
Босады сенен құшағым,
мен енді күнге мініп,
басқа бір әлемге ұшамын
— деп айттым оған, Елена!