Мен өлеңді сүймеймін, жоқ, сүймеймін...

* * *
Мен өлеңді сүймеймін, жоқ, сүймеймін,
Алғашқы өлең... ол дағы жоқ көңілде.
Желкен жайып ақ кеме өтсін деймін,
Соған қарап тамсанам тәтті өмірге.

Кеме-шайыр осылай жарқыраса,
Көңілімнің тірілер күйбең өңі.
Тобыр емес, ойлы бір жанға ұнаса,
Бұл қаланың басылар күйбелеңі.

Ей, қаламға серт берген жақсыларым,
Емексімей, еркеле ғасырыңа.
Жаза алмасаң өлеңді, көп сынағым,
Барыңды сал, бауырым, тасынуға!..

Жаза алмасаң, қозғама киеліні,
Өлең деген — тамыры ізгіліктің.
Мен бірақта жанымдай сүйем оны,
Сыртынан тек сондықтан үздігіппін.