Орманда
Ормандағы құмырсқаның алып илеуіне зер сап тұрған ем
Һәм саралап тұрғындарының сан қырын ғұмыр салтының.
Мемлекетті елестеттім мұнда мен:
бауырлардай бір-бірінен аумайтын, діні де ортақ халқының.
Олардан таппайсың байды, йа, кедейді,
барлығы біркелкі киінген.
Бейнетте бір болып, дерттіні демейді.
Ұрпаққа барлығы қамқор боп, ұдайы бірлікте сүйінген...
Армандап, еңбеккер ерлерге сүйсініп, ұмыттым мен жайды ең басты:
сәл бұрын өзім де құмырсқа болмап па ем, тоқтамай тыпырлап, талғанша?!
Дабылмен оянып, асығыс іше сап өзгермес таңғы асты,
зауытқа тартар ем, жек көріп илеуді, бұралып, есімнен танғанша.
Сірә, бір сұмдық болған-ау, динозаврлардың жойылуына да тең келер,
түр-тұлғасыз жәндіктерге іштарлықпен қарап тұрсам мен де, егер.