Дертханада

Жарықшақ түсіп, жұпыны, жүдеу көрінген
сол сауыт сынса, жан байғұс, қайда қаларсың?
Қауыздағыдай, дертімен қайғы өмірден
тамұғын әркім сырқатжайлардан табар шын.

Жалғанда тән ғой тартатын бейнет, бар сорды.
Ауру ең ессіз бағымен болып әбігер,
асқынбақ әбден қалжыратқанда, ал, соңғы
шектен шығарар ұйқы шақырғыш дәрілер.

Аямас сені қап-қара ағаштар, әйнектің
арғы бетінде қар жауып оқшау, бұрыннан
жат жұрты бардай. Сырғытпа сылбыр, жәй кетті.
Дертханадағы дәліздер ұзақ ғұмырдан.