Гёте
«О, мәңгі жас боп қалсам деймін,
оттай лаулап жансам деймін,
менің денем ерімесе
балқып тұрған сынаптардай,
мұз шыныдай, құмырадай...
Жаным қайда тұрақтайды?
Шіркін, жетпіс жасымда да
тегеурінді, күш-жігерлі
кеңес беріп, ғашық болсам,
Гете сынды, мына өмірге асық болсам!»-
деп дауыстап айғайладым.
Сен мысқылдап күлдің маған:
«Өкінішке қарай, досым, сен ақынсың,
Поэзия, өртейді ғой, ең жақынсың,
ал, өлеңді жазбайтын жан,
диірмендей дән көрмеген,
айналады күні-түні, бұл өмірге мән бермеген
Гете жайлы не білесің?
Ол егер де өлең жазса, кімде үлесі?
ұзақ өмір сүрмес еді, бір тармақ та жыр жазбаған,
шындық солай емес пе еді,
жоқ әлде, ол — елес пе еді?»
Қорыққаннан міз бақпадым, бөлме іші қозғалады,
демімменен май шам неге қоздамады?
Дірілдеген шарап толы бокал бірден ұшып кетті,
бар ғұмырын ішіп кетті...
сол мезетте көзің менде,
терезеден төнген түндей,
түрім менің солған гүлдей,
ал, сен болсаң үндемедің,
бірақ, бәрін білген едің...
оттай лаулап жансам деймін,
менің денем ерімесе
балқып тұрған сынаптардай,
мұз шыныдай, құмырадай...
Жаным қайда тұрақтайды?
Шіркін, жетпіс жасымда да
тегеурінді, күш-жігерлі
кеңес беріп, ғашық болсам,
Гете сынды, мына өмірге асық болсам!»-
деп дауыстап айғайладым.
Сен мысқылдап күлдің маған:
«Өкінішке қарай, досым, сен ақынсың,
Поэзия, өртейді ғой, ең жақынсың,
ал, өлеңді жазбайтын жан,
диірмендей дән көрмеген,
айналады күні-түні, бұл өмірге мән бермеген
Гете жайлы не білесің?
Ол егер де өлең жазса, кімде үлесі?
ұзақ өмір сүрмес еді, бір тармақ та жыр жазбаған,
шындық солай емес пе еді,
жоқ әлде, ол — елес пе еді?»
Қорыққаннан міз бақпадым, бөлме іші қозғалады,
демімменен май шам неге қоздамады?
Дірілдеген шарап толы бокал бірден ұшып кетті,
бар ғұмырын ішіп кетті...
сол мезетте көзің менде,
терезеден төнген түндей,
түрім менің солған гүлдей,
ал, сен болсаң үндемедің,
бірақ, бәрін білген едің...





