Филателші
Филателшінің жаны бұл — поштаның
маркасы мен желім және балауыз,
вольфрам шамы, қосса бәрін басқаның,
баттасқан шаң, тар бөлмеден табамыз.
Жоғалмастай, олақ қолмен шимайлап,
жинағына бәз біреудің тіркетіп,
уақытына дейін оның тұр жайнап,
түзету мен қайталау жоқ мүлде түк.
Сондықтан да, терезеде перделер,
түмірейген түнек түнді қорыған.
Бұлдыр түтін бөлме ішінде сенделер,
темекінің қашып қызыл шоғынан.
Көк түтіннен табылғанмен олқылық,
бар әйтеуір барлығында үйлесім.
Әрбір бұйым өздік сәнін келтіріп,
басып отыр себеп-салдар түймесін.
Бедері жоқ бейнелері олардың,
бояуларға малшынады мың түрлі.
Әр көрініс қуысында жанардың,
біледі ылғи алтын тозаң сілкуді.
Өте суық, тым қаталдау қабағы,
дүние оған мың тұспалдан тұрардай.
Суреттер мен гүл, отарба одағы,
бір арнада қояды ылғый құралмай.
Филателші бір шындыққа тоқтамақ,
өзіне айтар көңілінің аңдауын.
Қорқытпайды бос қорап пен ақ парақ,
қорқынышты ұяшықтың болмауы.
маркасы мен желім және балауыз,
вольфрам шамы, қосса бәрін басқаның,
баттасқан шаң, тар бөлмеден табамыз.
Жоғалмастай, олақ қолмен шимайлап,
жинағына бәз біреудің тіркетіп,
уақытына дейін оның тұр жайнап,
түзету мен қайталау жоқ мүлде түк.
Сондықтан да, терезеде перделер,
түмірейген түнек түнді қорыған.
Бұлдыр түтін бөлме ішінде сенделер,
темекінің қашып қызыл шоғынан.
Көк түтіннен табылғанмен олқылық,
бар әйтеуір барлығында үйлесім.
Әрбір бұйым өздік сәнін келтіріп,
басып отыр себеп-салдар түймесін.
Бедері жоқ бейнелері олардың,
бояуларға малшынады мың түрлі.
Әр көрініс қуысында жанардың,
біледі ылғи алтын тозаң сілкуді.
Өте суық, тым қаталдау қабағы,
дүние оған мың тұспалдан тұрардай.
Суреттер мен гүл, отарба одағы,
бір арнада қояды ылғый құралмай.
Филателші бір шындыққа тоқтамақ,
өзіне айтар көңілінің аңдауын.
Қорқытпайды бос қорап пен ақ парақ,
қорқынышты ұяшықтың болмауы.




