жартас

генерал-губернатор әскерін төгіп жатыр ұрысқа
аңызға арқау жорық испандық батарея үрейлі
үшінші жылға айналды қою қан суарылды қылышқа
түнде ұңғы тазалайды таң кезек шаштаразға тілейді
тілесең ойын-сауық аузыңа дәрумен сап алданып
тұздалған еттен алып қалтаңда қатқан нанмен малданып
командир сәйгүлігі астауда азықтанып қос құлын
астауда шұрқырасып сәлемін жолдап жатар ізгі нақ
гарнизон сорпасында бағалы жұмыртқа да біз бірақ
бермейміз Гибралтарды

мұнда елу сегізінші батальон жалғыз жатыр дөңесте
теңізде желкен керді табиғат еркіндігі емес пе
үстінен бруствердің ядро боп ысқырады қорқыныш
ал қалған тән бірлікте жалғауда ерлік ісін зор тыныс
немесе жас ару да шатырда киіп алды шұлығын
жоғалды салқын тамшы ыстық леп төккен кезде ұлы күн
табытқа қаза уақты салмайсың қос шұлықты күнәлі
сәл кейін қос шұлықтың табылып жатты дейді сыңары
боқтықпен сөйлесең де сыбыр деп төңірегің ұғады
бермейміз Гибралтарды

моллиге үйге қайтсам йоркшир өлкесіне арман-ай
көршіме әңгіме ғып осы еді айтқан сырым аңдамай
кенеттен гүрс етті де әлдекім өлім құшты мен бе екем ол ма
әлде
жоқ болсақ екеуміз де сауалым ие болмас зор мәнге
қалқыма қамалдармен біз жаққа құстай ұшты мың ерің
әскери абыройда жорықта бәрібір ғой тірі өлің
қаңғыған ядро ма немесе күн ыстығы басқа ұрып
кеш батпай дәрігерге қаралып көңілдерді пәс қылып
ышқынып жаның қинап қиың мен несебіңді тапсырып
бермейміз Гибралтарды

генерал губернатор элиот бұл күндері айбынды
атақты абыройлы билікке өз тұлғасын сай қылды
билейді кеңістікті жүйеге сала алады біліммен
атомның бөлшегінде еркінше алмастырар бүлінгенін
біз және өлген жандар қаттымыз көк аспаннан және бұл
жартастың тұлғасы ерен тымықта шыны астында жаңа өмір
бір күні мойынсұнсақ кенеттен көктен түскен әмірге
уақыт оқтай зулап қадамың таянғанда қабірге
аманат жанымызды тапсырар шақ келгенде тәңірге
бермейміз Гибралтарды