Шинель
Петербург. Қараңғы. Ит үрген.
Башмачкин шинелін кидім мен.
Шинелім өзгерді, ақыры,
Бір рухтың сезілді «әтірі».
Бұл шинель — өзгеше тігілген,
Сырынан жігерім үгілген.
Шақырды тұзаққа, түнекке,
Кеткендей дақ түсіп жүрекке.
Жан білмес қылмысқа шақырды,
Мені аяп сорлы анам отырды...
Сыртымнан күлсем де, ішімнен,
Күрсіндім. Адам жоқ түсінген.
Қан жұққан шинельдің «қылмысы»,
Һәм, мені басып тұр бір мысы.
Шинельді киген сол шақтардан,
Түн түгіл қорқамын ақ таңнан...
Бүгінгі мендегі күй осы,
Иығым — қарғаның ұясы.
Қарқылдақ қарғаның ойы ауыр,
Ұшса екен, алысқа аяғыр!
Ешкім де білмейді, сезбейді,
Көшені мендей жан кезбейді.
Кремль төрінде отырмын,
Сор күйін кешіп бір пақырдың...
Ұрланған шинельмен...
Башмачкин шинелін кидім мен.
Шинелім өзгерді, ақыры,
Бір рухтың сезілді «әтірі».
Бұл шинель — өзгеше тігілген,
Сырынан жігерім үгілген.
Шақырды тұзаққа, түнекке,
Кеткендей дақ түсіп жүрекке.
Жан білмес қылмысқа шақырды,
Мені аяп сорлы анам отырды...
Сыртымнан күлсем де, ішімнен,
Күрсіндім. Адам жоқ түсінген.
Қан жұққан шинельдің «қылмысы»,
Һәм, мені басып тұр бір мысы.
Шинельді киген сол шақтардан,
Түн түгіл қорқамын ақ таңнан...
Бүгінгі мендегі күй осы,
Иығым — қарғаның ұясы.
Қарқылдақ қарғаның ойы ауыр,
Ұшса екен, алысқа аяғыр!
Ешкім де білмейді, сезбейді,
Көшені мендей жан кезбейді.
Кремль төрінде отырмын,
Сор күйін кешіп бір пақырдың...
Ұрланған шинельмен...





