Алмаз атты сусиырдың рухына
Қаламызда Алмаз атты сусиыр,
Өліп қалып,
барлығымыз жыладық.
Сияқты өзі теңіздің дәу құсы бір,
Меніменен құрдас еді бұл алып.
Бар ғұмыры отыз жеті жас еді,
Өтті өмірден
ең қартайған шағында.
Шалшық суда тойса,
кейде аш еді.
Күтіушілер болса дағы жанында.
Дәмі де жоқ
қатқан шырша қорегі,
Тағдыр оған әуел бастан қатыгез.
Еш қайран жоқ, салғанына көнеді,
Адам жауыз болар кейде ғапыл, ез.
Мынау дүние...
сусиырлық сияқты, ә?
Бір шұңқырда сен де өмір сүрерсің.
Болсаң дағы киелі бір кітаптан,
Африкалық жандай өлім тілерсің.
Қане, қане,
шығарайын мен бір ән,
Алайда, ол шырқалады нотасыз.
«Бекер-ау» деп,
келтіремін мен күмән,
Мынау өмір бәрібір де опасыз.
Ән:
Хайуанаттар бағында мен, анашым,
Жұмыс жасап, сырын білгім келеді.
Сусиырдың жойып өкпе-наласын,
Таза сумен жуындырғым келеді.
Тәтті, балғын сары түсті мен оған,
Сәбіз бергім келеді.
Өзімменен бір туғандай анадан,
Егіз көргім келеді.
Қарап тұрып оған сонау өлкеден,
Жанын ұғып, тереңіне бойладым.
Бар жануар — ғұмырлары шер, шемен...
Жұмақта деп ойладым.
Өліп қалып,
барлығымыз жыладық.
Сияқты өзі теңіздің дәу құсы бір,
Меніменен құрдас еді бұл алып.
Бар ғұмыры отыз жеті жас еді,
Өтті өмірден
ең қартайған шағында.
Шалшық суда тойса,
кейде аш еді.
Күтіушілер болса дағы жанында.
Дәмі де жоқ
қатқан шырша қорегі,
Тағдыр оған әуел бастан қатыгез.
Еш қайран жоқ, салғанына көнеді,
Адам жауыз болар кейде ғапыл, ез.
Мынау дүние...
сусиырлық сияқты, ә?
Бір шұңқырда сен де өмір сүрерсің.
Болсаң дағы киелі бір кітаптан,
Африкалық жандай өлім тілерсің.
Қане, қане,
шығарайын мен бір ән,
Алайда, ол шырқалады нотасыз.
«Бекер-ау» деп,
келтіремін мен күмән,
Мынау өмір бәрібір де опасыз.
Ән:
Хайуанаттар бағында мен, анашым,
Жұмыс жасап, сырын білгім келеді.
Сусиырдың жойып өкпе-наласын,
Таза сумен жуындырғым келеді.
Тәтті, балғын сары түсті мен оған,
Сәбіз бергім келеді.
Өзімменен бір туғандай анадан,
Егіз көргім келеді.
Қарап тұрып оған сонау өлкеден,
Жанын ұғып, тереңіне бойладым.
Бар жануар — ғұмырлары шер, шемен...
Жұмақта деп ойладым.




