Жалғыз-жарым, өз-өзімен жүретін...
* * *
Жалғыз-жарым, өз-өзімен жүретін,
сұр қалпақты қалар ма едім бала боп.
Қыркүйекте қиял кешіп күлетін,
жапыраққа көмілгенде қала көп.
Бізді ертең қайта өзіне шақырар,
өткен-кеткен сезімдерді оятып —
Аллеядан орын таңдап отырар,
әрі-бері жүретін де қоятын.
Пәк жүректі қарайтұғын елжіреп,
күз реңі батыратын тереңге.
Қақ суында қызыл шетен мөлдіреп,
ортасынан жазылатын өлеңдер.
Қайран жылдар — алаулаған отты арман,
жүретұғын қағып қойып иегін,
ол да құдды жаңбыр сынды жоқ болған,
тырс-тырс ұрып терезенің жиегін.
Десе дағы, бар дейікші сол ұлан
бетін сипап үнсіз ғана тұратын.
Жалтақ-жалтақ қарап қойып соңына
дейін өлең жазып бір күн шығатын.
Жалғыз-жарым, өз-өзімен жүретін,
сұр қалпақты қалар ма едім бала боп.
Қыркүйекте қиял кешіп күлетін,
жапыраққа көмілгенде қала көп.
Бізді ертең қайта өзіне шақырар,
өткен-кеткен сезімдерді оятып —
Аллеядан орын таңдап отырар,
әрі-бері жүретін де қоятын.
Пәк жүректі қарайтұғын елжіреп,
күз реңі батыратын тереңге.
Қақ суында қызыл шетен мөлдіреп,
ортасынан жазылатын өлеңдер.
Қайран жылдар — алаулаған отты арман,
жүретұғын қағып қойып иегін,
ол да құдды жаңбыр сынды жоқ болған,
тырс-тырс ұрып терезенің жиегін.
Десе дағы, бар дейікші сол ұлан
бетін сипап үнсіз ғана тұратын.
Жалтақ-жалтақ қарап қойып соңына
дейін өлең жазып бір күн шығатын.





