Оқушы
...Та-та-та-та-та-та-та-та-та-та-та-та.
Кешегі өткен шақтар жайлы не біледі бұл өзі?
Есімде әлі, өзі сондай ширақ әрі қу еді.
Қызығып бір оқитұғын Бальзакты,
теріс жазып, мәз болатын «казакты».
Әрбір сөзден ілік іздеп ойнайтын,
достарымен қылжақтауын қоймайтын.
Дос-құрбының бойындағы батылдық,
уақытша ғой, емес ол да ғасырлық:
Бірінші рет басты жарып, ұрғанша,
біріші рет жерлеуде топырақ сап тұрғанша.
Бірінші рет жұмыстан жүйкелері тозғанша,
алаңсыз боп жүреді миға ақыл қонғанша.
Жақтырмайтын Өкіметін Кеңестің,
өйткені, ол — емес... құл!
Ойлайтын ол — барлық халық тұтқында,
қызылқарын Левиафанның ұртында.
Ол оқушы тек қана өз досына сенеді,
өз елінің алақанын сезбей өсті, себебі:
— Бұйырғаны біздерге қалдық заттар, оқасыз,
біз тұтынған Қытайдың тауарынан сапасыз.
Ширақ еді ол, бұл күнде жалғызсырап күйреді,
әр тарапқа шашырап, достары да сиреді.
Арқасүйер кімі бар, ешкім оны көрмейді,
қысылтаяң шақтарда ешкім көмек бермейді.
Пысық еді ол, бүгінде әлсіреді шама, күй,
өмір солай — се ля ви...
Өзін көрсе айнадан мөлт етеді жанары:
ләззаты да төсектің қызық болмай барады.
Тағдырың да құбыжық, оған қалай шыдайсың?
Аттап бассаң тұңғиық, шыңырауға құлайсың.
Қайда басын бұрса, да оқушыға бұрынғы,
еркіндік жоқ, пайда жоқ — қара қақпан құрулы.
Та-та-та-та-та-та-та-та-та-та-та-та,
мылқау ойлар тағы оны құрсауына алмаса,
асықпайық әлі де, мүмкін оның бағы бар,
тығырықтан шығатын оңтайлы жол табылар...





