Бәрі де бірден-ақ дап-дайын, алуан түс, әлбетте, әм сандық...
* * *
Бәрі де бірден-ақ дап-дайын, алуан түс, әлбетте, әм сандық,
ал, бұрын ақ-қара суреттер... баллада баяғы:
Шығардық, кептірдік, әрледік, бекіттік, бәріне тамсандық,
сәнменен, салтанатпенен, қызылға боялып,
әлгі «Аю» кәмпиті секілді, шоколадқа оранып,
сол ескі суретте сәттер бар — бар ізгі,
тым сирек, кімде бар, бейне бір витраж тәрізді,
суретші ательесінде — маңызды портреттер,
отбасы суреті — костюмдер, күлкілер, жүректер.
Сурет пен таспалар самайы бозарған,
үш үлкен қорапта, орын жоқ бос мына,
содан соң жап-жаңа сканер сөз алды,
өткенді сүңгіттік кереует астына,
ал енді тауып көр, архивтен оларды,
мұң менен аңсарды үлкейтіп шығаршы,
жанымнан зу етіп жүйрік жыл жоғалды,
ақ-қара кейіпте, обал-ды, обал-ды!
Қабырға сәндер ме ек өткеннің өңімен,
оңаша көз салып, беріліп сезімге,
сонша ыстық, сонша ұмыт өткен күн демімен,
сақал-шаш ағарып, жоғалып өзің де.
Ағарған шашпенен бозарып ғұмыр да,
өң қашып, өзгеріп, бәрі де тыншиды,
біз осы сезімтал боп кеттік шынында,
көңілге ой түссе көзден жас ыршиды.
Көмескі сурреттер көне бір сарайдай,
көз салсаң — тұнжырар жүзтаныс жүз адам,
міне, әжем, анашым, әке, әпкем қарайды,
ағатай, тағы да кісілер ұзаған.
Мынау — мен, жалаңбұт, үйрек пе жанымда,
қонжық па, анамды құшақтап алғанбыз,
ал, мынау тағы ағам, кітаппен, жадымда:
Бұл үйі апайдың, қонаққа барғанбыз.
Ал, мынау бірінші... оныншы сыныпта,
ал, мұнда — студент, ал мұнда — досыммен,
әскерде — комбаттың күлкісін ұмытпа,
бәйбішем, екіншім, ұлдарым өсірген,
бұл — тұңғыш немерем, иісі еркемнің,
италия, Қырымда, өмірдің ізіндей,
ал, мынау — Қызылда... өткен күн — көркем күн,
бітпейді, өтпейді, мөлиген өліктің жүзіндей.
Бұл — бала, ал мынау кездейсоқ бір кісі,
көксақал, бір жуан, түнекке сіңеді,
кексе адам, бір дімкәс, балаға ұқсайды түр-түсі,
ал, мынау... Бұл менмін! Бұл сенсің, білемін,
көп адам, енді жоқ, таба алмай келем мен,
жалт етті, тағы өтті, күйінбен, өкінбен,
өмірден қалғаны суреттер көнерген,
көзбенен өбердей көнерген бетімнен.