Кесіртке
Күре тамыр секілді жағалауды бойлаған,
Кеуіп қалған араның кәрезіндей ойлардан
Азу тісі ақсиып, топан судан бұрынғы
Көрінді де жылт етіп, бір қуысқа тығылды.
Мөлдір кварц үңгірде, емшектердей салақтап,
Үгіледі тастарда, қыртыстары жалақтап.
Еске салды кесіртке, өткен заман күндерін,
Сай ішінде созылған, ағаштардың діңдерін...
Бойына оның толықтай, бұлшықеті толғанда,
Оның жыртқыш сирағын, толқын шайып болғанда.