Желді күн жайлы
Енді ешқашан кезіктірмейді екенмін
сол ұлдардың, бала күнгі достарымның қаншасын?!
Желді күні жағасына өзеннің өтермін,
ол да туласын, ақ көбік атып, шаршасын.
Есімде: мәңгілікке ортақтаспақ боп, сонау еменге
Затмачье* жалаңаяқтары атымызды ойған ек кездікпен.
Ағашқа келдім. Ем қонған тыртықтардай тартылып, ерен көлемде
жазулар жаңғырып, алдымыздан шығарын сездік пе?!
Бір түсінгенім: мақтанқұмарлық, менмендік емес, бұл деген —
аппақ пейілмен жолдастық, достықты бекітудің таза амалы.
Қойдың бұйра жүніндей көбіктерді қуалап, үздіксіз үрлеген
өзен толқындары сүргіше сырғып, суды жаңқалап барады.
________________
* Затмачье — Тьмака өзенінің арғы бетінде орналасқан Тверьдің бір ауданы.