Шерінің шері
білемісіз
шерінің шегер шерін сіз
аңырайтынын азынап
қалқалап табандарымен
айбарлы азуын жасырып
ауызын жабарда кілең
асығып
көздерін жұмып тұрарын азырақ
айбынынан ақылын асырып
жанарынан тамшы құлатпас үшін
жаумас үшін бұршақтап
жаңғақтай жастан бір құдіретті күш тұр сақтап
жоғалтпай жырақта сұсын
үһілер
аһылар
жыласа жолбарыс ақырар
дауыстының дардай аты бар
дауыссыз жалғаулардан да жаңғырық шақырар
білемісіз
шерінің шерін сіз
ол күштің адуын болмысты
сормаңдайтын
құштарлығы қозса жерге аунайтын
жеміт қылатын көнбісті
өз көлеңкесіндей жәукемдеп
тау тербеп
қалықтай құлап бара жатқанда
шатқалдан
шерінің шегер шерін сіз
аңырайтынын азынап
қалқалап табандарымен
айбарлы азуын жасырып
ауызын жабарда кілең
асығып
көздерін жұмып тұрарын азырақ
айбынынан ақылын асырып
жанарынан тамшы құлатпас үшін
жаумас үшін бұршақтап
жаңғақтай жастан бір құдіретті күш тұр сақтап
жоғалтпай жырақта сұсын
үһілер
аһылар
жыласа жолбарыс ақырар
дауыстының дардай аты бар
дауыссыз жалғаулардан да жаңғырық шақырар
білемісіз
шерінің шерін сіз
ол күштің адуын болмысты
сормаңдайтын
құштарлығы қозса жерге аунайтын
жеміт қылатын көнбісті
өз көлеңкесіндей жәукемдеп
тау тербеп
қалықтай құлап бара жатқанда
шатқалдан





