Туғаным да, досым да жоқ жанымда...

* * *

Туғаным да, досым да жоқ жанымда,
Теңіз ғана көлбеңдейді сағымда.
Бар тіршілік жарық жаққа жармасқан,
Ал, толқындар бір-бірімен дауласқан...

Тірі жан жоқ, ешкім де жоқ маңымда,
Кешқұрым кез қараңғылық тағында.
Сиқыршы кеп сөйлегендей кенеттен,
Кинодағы сөздей өткен електен.

Ешкім де жоқ, тек бөлмелер күрсінген,
Тап келгендей бейне елес, тылсыммен.
Бұл әлем мен ана дүние арасын,
Сезесің бе таусылмайтын таласын?

Туғаным да, досым да жоқ жанымда,
Тек жұлдыздар жарығы ғой барым да.
Әр әріпте Яхве бардай, қарашы,
Бар ғой, сірә, аспидтің де таласы.

Мен Кастальдың вахтасында тұр екем,
Жырларымды шималаймын, түзетем.
Жанды желпір ару қызға жан құрбан,
Вермеердің өзі бізге қалдырған.

Тірі жан жоқ, ешкім де жоқ қасымда,
Қараңғылық қаптап кетті расында.
Бұлттар үстін белгісіз бір күш басқан,
Қара көпір қараңғымен ұштасқан.