Қызойнақ
Катя күйеуін мақтады, беделі шексіз, мін жоқ деді ісінде
шексіздік адамның болмаушы ма еді ішінде?
Лена айтса таң-тамаша қаласың,
жалғыз өзі жеткізіпті баласын.
Света айтты мамандық бар, табысым мол, жол ашық,
айтса, шіркін, мақтанғандай боласың.
Менде, шіркін! — деді Таня таласып,
— Пәтерім бар деді сәні келіскен,
Жосып-босып жүргенім жоқ деді іштен.
Мәңгі, шіркін, тұра ма екен маңдайда бақ,
Катяны күйеуі тастапты, қандай ғажап?
Лена жалғыз, бір шоқып, екі қарап,
шошынады түндерде...
Түс көріпті тағы да.. екіқабат
Света болса несіне налымақшы,
Жұмысы жоқ бүгінде — бәрі жақсы.
Ертегі мен елестің бәрі осында,
Таняның өмірі өтіпті ас үй менен әжетхана арасында?
Ғажап өмір басында, бейғамында...
Төртеуі осылай бас қосады жыл сайын... Әйелдер
мейрамында.
Жүрегінен тістелеп ғайып оты,
Төртеу түгел... дастархан жайып отыр.
Бірі айтады ертеде, елінде гректердің
жүрегіне әйелдің қарап өтер,
Ер болмапты, еркексіз бола ма екен?
Бұйырмай ма тамшыдай тамызған бақ?
Өздері отыр осылай аңыз жалдап.
Мәз болады, көңілі күнді ұстамақ,
Қиялы жұлдыз санап,
Ән шырқалып, би билеп, сақ-сақ күлкі жан ізгі,
Сол күлкіге қосылып, жылап жіберер тәрізді
Қош бол, Катя, көргенше,
Жаныңды емдеп келгенше.
Лена, сен де жүргейсің жұртпен есен,
Троллейбус күтіп тұр күтпеген сен.
Сен де есен бол, Света, жарық әлем,
Сақтап жүрген тірліктен жанын әрең.
Қош бол, Таня, тағдырың қинау бөлек,
құрбыны қимау бөлек...
Артынан дастарханды бір өзің жинау керек.
шексіздік адамның болмаушы ма еді ішінде?
Лена айтса таң-тамаша қаласың,
жалғыз өзі жеткізіпті баласын.
Света айтты мамандық бар, табысым мол, жол ашық,
айтса, шіркін, мақтанғандай боласың.
Менде, шіркін! — деді Таня таласып,
— Пәтерім бар деді сәні келіскен,
Жосып-босып жүргенім жоқ деді іштен.
Мәңгі, шіркін, тұра ма екен маңдайда бақ,
Катяны күйеуі тастапты, қандай ғажап?
Лена жалғыз, бір шоқып, екі қарап,
шошынады түндерде...
Түс көріпті тағы да.. екіқабат
Света болса несіне налымақшы,
Жұмысы жоқ бүгінде — бәрі жақсы.
Ертегі мен елестің бәрі осында,
Таняның өмірі өтіпті ас үй менен әжетхана арасында?
Ғажап өмір басында, бейғамында...
Төртеуі осылай бас қосады жыл сайын... Әйелдер
мейрамында.
Жүрегінен тістелеп ғайып оты,
Төртеу түгел... дастархан жайып отыр.
Бірі айтады ертеде, елінде гректердің
жүрегіне әйелдің қарап өтер,
Ер болмапты, еркексіз бола ма екен?
Бұйырмай ма тамшыдай тамызған бақ?
Өздері отыр осылай аңыз жалдап.
Мәз болады, көңілі күнді ұстамақ,
Қиялы жұлдыз санап,
Ән шырқалып, би билеп, сақ-сақ күлкі жан ізгі,
Сол күлкіге қосылып, жылап жіберер тәрізді
Қош бол, Катя, көргенше,
Жаныңды емдеп келгенше.
Лена, сен де жүргейсің жұртпен есен,
Троллейбус күтіп тұр күтпеген сен.
Сен де есен бол, Света, жарық әлем,
Сақтап жүрген тірліктен жанын әрең.
Қош бол, Таня, тағдырың қинау бөлек,
құрбыны қимау бөлек...
Артынан дастарханды бір өзің жинау керек.





