Бір кезбе тұр жылғалардың тоғысында таяғына сүйеніп...

* * *

Бір кезбе тұр жылғалардың тоғысында таяғына сүйеніп,
Сырға талдар тербеледі көктеменің самалымен күй өріп.
Көк кезген жел бұлтты жиып,бұрышқа үрлеп шұғыламен керім нұр,
Көкжиекке орнатыпты көркі ғажап, көркем күмбез көгілдір.
Жүзімдік пен шағын шіркеу және жібек танабының жас белі,
Ал, уақыт — орта ғасыр, сол шақтағы күн мезгілі сәске еді.

Шоғыр — шоғыр, топ— тобымен кең алқапты қара қарға жайлаған,
Һәм адамдар, алдыңғысы атқа мінген, тіршілігі қайнаған.
Жүзімдіктің сол жағынан келеді ағып қолға үйренген таукиік,
Жолаушыға бір ару қыз қол бұлғайды бойға ыстық қан құйып.
Жібек өскен алқап толқыр солқылдатып қара жердің өзегін,
Орақ — шалғы жарық етсе егер, жолаушының есімінің өзі — өлім.

Сырға талдың көркі ғажап басында әскм күләпара тұрғанда,
Ал, адамдар бір дауыста ән салғанмен, естілмейді бұл маңға.
Нәзік ару — сырға тал мен себет талдың ішіндегі таукиік.
Самал желдің нұрыменен көңіл көкке шалқиды екен зау биік.
Алтын арай шұғыламен өрнектелген асыл тінді жұмбақ ән,
Жолаушы тұр көкорайлы алаңқайда көз ала алмай жылғадан.

Беті жоқ тән және дене жоқ көзі мен денедегі терісі,
Іші қуыс жамылғы да болғанменен, ағар өмір өрісі.
Шағын шіркеу құрсағында монах жие алақанын жаяды,
Бала күннен қорқады ол, жетсе Бука — Тәңіріме деп тілейді аяны.
Жоқ ол үшін ешбір құдай, ешкімдікі емес және бұл ғалам,
Ару қызға енді мүлде мүмкін емес өтіп кету жылғадан.

Көкте менің барлық алтын тіні менен бұлттардың да іреңі,
Осы бір түс оянбайтын тастастың да түстеріне кіреді.
Көгілдір от боп алаулар жабысқақ саз — зерлі сыз,
Түн ішінде саулар келіп, ал Букидің бар — жоғы да белгісіз.
Тек химия уақытты тегістейді қабат-қабат заңға ұйып,
Шыңнан ару қол бұлғайды, жебе құсап келеді ағып таукиік.