Бесік жыры

Ұйықтай ғой, жарығым! Мына ғаламға
бейбіт күн нұры құйылған.
Шекспир емес, елесте.., кінә — қаламда,
бейнетті бізге бұйырған.

Жыламашы, жан ұлым! Мауқыңды басқын!
Хаққа да ұнамды бұл күндер.
Джойста кездейсоқ ауқымға ұласты
қиялындағы тек кірбіңдер.

Мұның қалай?! Жылама, қайсарым аппақ!
Көк шыққан. Жарық. Таң атқан.
Кафка ма?! Бөседі, жай сандырақтап...
Күнәсін кешсін Жаратқан!