Самалдық астында жаңарып ағаштың түр өңі...
* * *
Самалдық астында жаңарып ағаштың түр өңі,
алқызыл гүлшоғыр тағыпты реңі,
Қараңғылық жайлайды көк жасыл түске еніп,
тентек жел жапырақты жұлқылап күледі.
Бұрыштан бұрышқа самал жел көсіліп
жапырақтар шоғыры бас изеп есіліп
Ауаны үйіріп, соғады ысқырып
көлеңкені қуалап, жарықты көшіріп,
бұтақтар ұзарып, түн ұзап, кешігіп.
«Қиналма, бұдан да өтесің, бәрі де қалады
Өлім деген болмайды, бірақ жаз болады
және ол жаз келді де, жайнатты даланы
Жапырақ сыбырлап, сыр айтып қалады:
жалғасар тамырмен, тұқымың тарады.
Ал ағаш өмір бойы гүлдейді.
Самалдық астында жаңарып ағаштың түр өңі,
алқызыл гүлшоғыр тағыпты реңі,
Қараңғылық жайлайды көк жасыл түске еніп,
тентек жел жапырақты жұлқылап күледі.
Бұрыштан бұрышқа самал жел көсіліп
жапырақтар шоғыры бас изеп есіліп
Ауаны үйіріп, соғады ысқырып
көлеңкені қуалап, жарықты көшіріп,
бұтақтар ұзарып, түн ұзап, кешігіп.
«Қиналма, бұдан да өтесің, бәрі де қалады
Өлім деген болмайды, бірақ жаз болады
және ол жаз келді де, жайнатты даланы
Жапырақ сыбырлап, сыр айтып қалады:
жалғасар тамырмен, тұқымың тарады.
Ал ағаш өмір бойы гүлдейді.




