Жұртында қираған ғибадатхананың...

* * *

Жұртында қираған ғибадатхананың,
Қышытып білекті өсетін қалақай.
Мәскеуге шығарып саларда анашым
Өсиет айтқан-ды: «Ішпе», — деп, — «балақай!»
Малдар да өзінің қыстағын ұмытпас,
Дәл сондай қасиет біздерге қонбаған.
Қонысы, жолы да, сүйгені,
Сан рет ауысып, өзгерген, оңбаған.
Тағдырдың тұтқыны ем қарасаң түріме,
Отырам құлақ сап соғыстан кейінгі
Деректер соңынан сырнайдың үнініне.

Бабалар қоңырауы еместін бірақ та,
Аттанар сәттегі қадірсіз қонақтай,
Біздерді шығарып салғанда жыраққа.
Мұнартқан сол күннің көңілсіз көшінде,
Көмескі тартыпты шашылған қиқымдар,
Түпнұсқа емес ол, жай ғана көшірме.