Кербез желдің серуені...

* * *

Кербез желдің серуені
Аймалайды зығырды
Аппақ мақта керуені
Жел қылады тұғырды

Мамық түнде жел оянса
Алғашқы сап дүркіреп
Желден кейін ай оянса
Нұрын жерге сілкімек

Жел жылдарға оралады
Күмістейін бейнеде
Қорлық езгі жоғалады
Ән салады күймеде

Қалалардың шаналардың
Әні мәңгі секілді
Зұлымдықты табалармын
Борша қылсын етімді

Жел сол сәтте не айтады
Жарық нұрға сәлдесіз
Жұмақтағы ел айтады
Жоқ жоқ бәлкім әлде сіз

Жел билейді жел жылайды
Күн сәулесін құшады
Ал зұлымдар мың құлайды
Желмен бірге ұшады