Біздің күннің баяу алтыны...
* * *
Біздің күннің баяу алтыны
шойын бұрышта ән салып,
таңғы тұманға тамсанып,
жалаңаш қамырдай
жататын пісіп.
Ал, жалаңаш көлеңкелер
иненің басын құшып,
біздер табалдырықтан
аттағанымызда,
қатыгез қалайы қалықтап ұшып,
онсыз да езіліп кеткен ұрпақ,
лай батбаққа жатыр екен түсіп.
Мамырда жауған
еріген қардан, тамшыдан,
егіннің соңғы өнімдерінің
ащы иісіне аңқыған
вагон жетекшісі налып тұр...
Ал, сол алқаптың егінінің,
орақпен орылған өнімінің
туған жері туралы әуендері
трамвайды тербетіп барады.
Біз артқы вагонында
таңғы тұманды жарып,
бетке алған едік даланы.
Бір кезінде хатшы жыртқандай аспанның парағын,
егіншінің жұлып алды орағын.
Біздің күннің баяу алтыны
шойын бұрышта ән салып,
таңғы тұманға тамсанып,
жалаңаш қамырдай
жататын пісіп.
Ал, жалаңаш көлеңкелер
иненің басын құшып,
біздер табалдырықтан
аттағанымызда,
қатыгез қалайы қалықтап ұшып,
онсыз да езіліп кеткен ұрпақ,
лай батбаққа жатыр екен түсіп.
Мамырда жауған
еріген қардан, тамшыдан,
егіннің соңғы өнімдерінің
ащы иісіне аңқыған
вагон жетекшісі налып тұр...
Ал, сол алқаптың егінінің,
орақпен орылған өнімінің
туған жері туралы әуендері
трамвайды тербетіп барады.
Біз артқы вагонында
таңғы тұманды жарып,
бетке алған едік даланы.
Бір кезінде хатшы жыртқандай аспанның парағын,
егіншінің жұлып алды орағын.





