Сұр мүсіннің үстіне бір құс қонды...

* * *

Сұр мүсіннің үстіне бір құс қонды,
Астындағы білмейді кім екенін...
Біз қобалжып десек те: «қылмыс болды»,
Қанаттыға бәрібір, бұ не теңің?..

Құсқа жайлы осы бас, осы мүсін,
Сырғып жатыр уақыттың құмы солай.
Адамбысың, біреудің тасымысың,
Бәрібір боп тұрған бұл тұрысын-ай...

Егер, бірақ мына құс қыран болса,
Қанатымен бір желпіп ұшар еді.
Құпиясын өзгелер ұға алғанша,
Биік шыңның баурайын құшар еді!..

Ал манағы көгершін әлі кетпей,
Іш пысқаннан шоқыған мүсін басын.
...Көгершінді өзіңе желім етпей,
Сілкінсеңші, ей, бейбақ! Ұшыр, тасын!..