Отарбаның төбесінде Уфалейге жол тарттым...
* * *
Отарбаның төбесінде Уфалейге жол тарттым.
Қос қолыммен құшақтадым, достарыма қолқа арттым —
Су перісі, Тасбақаға, сәуле ойнатып қас-көзге,
көк астында — құлақ, танау... түгел қалды, жас кез де.
Боз (а) ауаға жамбас артып, жалын тартып ұшқандай
кезсек, байтақ ылғалға ынтық жанарлардан тыс қалмай:
оң жақта — орман, сол жақта — алқап, ағаш тасып, тас қазып,
жұмыскерлер — кезбе керлер кетер таңнан бас жазып.
Себетті қарт, балалар жүр шыққан саңырауқұлаққа.
Түнеріп тұр топ бозбала байкын жуып бұлаққа.
Жылы желге жон жалатып, жатсақ ойдан ой тергеп:
«Жанға жайлы осы арадан кетпей, қалсақ қайтер?!» — деп.
Әйтпесе, жұрт: «Отарбаның шатырында келгені
бекер екен, бұл желөкпе есер екен», — дер ме еді?!
Әр уагонның үстінде еркін дәуренге елтіп желігер,
«Прима» шеккен, өктем жеткен свердловтық жас перілер.