Су тасимын

Мен суды тасимын, мұңлығым,
Болғанмен маған да қиын шын.
Екіге жаруға шың, құмын,
Өрекпіп өзенім құйылсын.

Сағамен сусыса шабыт бар,
Алдымда болмайды тосқауыл.
Төбемде — бір үміт жарық бар,
Қасымда — аңқылдақ дос-бауыр.

Мұздықты жарам да, мұздыққа,
Жетемін тағы мен асығып.
Тасимын суымды «сыз», жұтта,
Жер мені кеткенше жасырып.

Содан соң, мұз болам қаңтар кеп,
Мен — айдын, сен — адам, үстімде.
Қарашы, адал боп, аңғал боп,
Мен енді есіңе түстім бе?

Не үшін құрбан боп, күйгенім,
Бәрі де белгілі, белгілі.
Тәңірім сезеді, сүйгенім,
Сезінсең қайтеді сен мұны...