Ана әкемнің жұмыс сәтін бағатын...
* * *
Ана әкемнің жұмыс сәтін бағатын,
Ұмытпайтын кезекшілік сағатын.
Кірін жуып мырышталған науада,
Сосын мені шомылдырып алатын.
Балалықтың ұшқындары шашырап,
Бұл өмірдің қызықтырды басы ұнап.
Кремльде отыратын Хрущев,
Ата-әжем де көрінетін жасырақ.
Зымаранда — бейшара иттер таңғылар,
Тағдырларын жасырды анау қанқұмар.
Кім ойлаған бітетінін дәл бұлай,
Уақыттың бұл тым ашқарақ қарны бар?!
Солар бірде заманалар бұтағы,
Тым қызғаншақ жылдар бәрін ұтады.
Ақырында бәрі бітер демей ме,
Періште ант берген Аян кітабы?!
Ана әкемнің жұмыс сәтін бағатын,
Ұмытпайтын кезекшілік сағатын.
Кірін жуып мырышталған науада,
Сосын мені шомылдырып алатын.
Балалықтың ұшқындары шашырап,
Бұл өмірдің қызықтырды басы ұнап.
Кремльде отыратын Хрущев,
Ата-әжем де көрінетін жасырақ.
Зымаранда — бейшара иттер таңғылар,
Тағдырларын жасырды анау қанқұмар.
Кім ойлаған бітетінін дәл бұлай,
Уақыттың бұл тым ашқарақ қарны бар?!
Солар бірде заманалар бұтағы,
Тым қызғаншақ жылдар бәрін ұтады.
Ақырында бәрі бітер демей ме,
Періште ант берген Аян кітабы?!





