Зұлымдық шамы қарға шағылып...
* * *
Зұлымдық шамы қарға шағылып
Жалаңаш әлемді буындырады
Лыпасыз дауыс хорға малынып
Зұлымдық жарық туын жығады
Табыттай ауыр қар да жаумаған
Азғырған сонда әлемді қайсың
Көбіктей жеңіл қар да жаумаған
Дәтіңнің нұрын дәлел қылғайсың
Уысыңда уақыт жандыр бұтағын
Жарықтан озған азған жан қайда
Теріге қашап тағдыр кітабын
Маңдайға емес жазған таңдайға
Көрдей қараңғы көзі құтырып
Шуақсыз суық дала мүлгіген
Нұр деген сөздің бәрі өтірік
Уақытты тұса жара белінен
Уақытты тұса
Тек солай құшағың нұрлы
Құшағың ыстық




